Қыркүйектен бастап оқушылар жаңа мәзір бойынша тамақтанады
Денсаулық сақтау министрлігі Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігімен, Қазақ тағамтану академиясымен, ЮНИСЕФ және ДДҰ-мен бірлесіп 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты мен көпнұсқалы үлгілік мәзірді әзірлеп, бекітті.