Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысы аталған іс-шара екі елдің экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы еліміз экономикалық ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға дайын екенін жеткізіп, басым бағыттарды атап өтті.