Жаңалықтар

Полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды

Қарағандыда полицейлер 9-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды,деп хабарлайды arainfo.kz

Оқиға 5 маусым күні Тәттімбет көшесінде болған.Көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы балконның сыртында арқанға ілініп тұрған ер адамды көрген куәгерлер дереу құтқару қызметтеріне хабар берген.

Жедел жеткен полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің үйлесімді әрекетінің арқасында 39 жастағы азамат аман қалды.

Қарағанды қаласы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Әділет Әмірбеков ер адамды әңгімеге тартып, оны райынан қайтаруға тырысқан.

Құтқару операциясы небәрі бірнеше минутқа созылғанымен, әр секундтың бағасы жоғары болды. Полицейлердің кәсіби шеберлігі мен батыл әрекеті арқасында ауыр қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Қазіргі таңда ер адам медициналық бақылауда. Дәрігерлер мен психологтар оның бұл әрекетке не себепті барғанын анықтап, тиісті көмек көрсетуде.