Әлеумет

Облысымызда 500-ден аса омарташы бар

Тараз қаласындағы «Самал» шипажайында Алматы қаласы Қазақ малшаруашылығы және жемшөп ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Омарташы мамандығы – тарих және қазіргі заман» тақырыбында омарташылар форумы өтті.

Жалпы елімізде 12 мыңнан аса омарташы болса, олар 600 мыңнан аса ара ұясын ұстап отыр екен. Омарташылар жылына шамамен 5 мың тоннадан өнім жинайды. Алматы қаласындағы Қазақ малшаруашылығы және жемшөп ғылыми-зерттеу институтының аға қызметкері Ұлжан Нұралиеваның айтуынша, жиналған өнімнің 450 тоннаға жуығы шетелге экспортталады екен. Негізгі экспортталушы елдер қатарында Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірлігі мен Қытай бар.

Маманның айтуынша, республика бойынша облысымыз ара өсіру мен бал жинау статистикасы бойынша үшінші орынға тұрақтаған. Ара өсірумен облыс көлемінде 500-ден аса омарташы айналысуда.

М.ЖАМБЫЛҰЛЫ