Жаңалықтар

№59 түзеу мекемесінде Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті

2025 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Шараның басты мақсаты — қызметкерлер арасында мемлекеттік рәміздерге деген құрметті нығайту, отансүйгіштік рухты арттыру. Іс-шара Мемлекеттік Туды көтеріп, Әнұранды орындаумен басталды.

Мекеме бастығы қатысушыларды мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен бірлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, шара барысында қызметкерлерге рәміздердің тарихы мен құқықтық маңызы жөнінде ақпарат беріліп, патриоттық бағыттағы бейнероликтер көрсетілді.

Мекеме басшылығы Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – әрбір азаматтың борышы екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасын табатынын жеткізді.