Жастар

100 жас бір мезетте әнұранды шырқады

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Тараз қаласындағы «MART» сауда кешенінде «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен 100-ге жуық жас бір мезетте Әнұранды шырқады.

Қаз-қатар тізілген студенттер мен жастар Мемлекеттік Әнұранды бір дауыста шырқап, жиылған көпшіліктің патриоттық рухын көтерді.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ерғали Әбуғалидың айтуынша, мұндай іс-шаралардың көптеп өткізілуі жастардың бойында ұлтжандылық сезімін оятып, мемлекеттік құндылықтарға құрметін арттырады.

 Мұқағали БАЛТАБАЕВ