Ана мен балаға көмекті жетілдіру бастамасы іске қосылды
Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің қолдауымен ана мен балаға медициналық көмекті жақсарту және ана сүтімен қоректендіруді қолдау бағдарламасының жаңа кезеңі іске қосылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Қазақстандағы елдік офисінің қолдауымен ана мен балаға медициналық көмекті жақсартуға және ана сүтімен қоректендіруді қолдауға бағытталған жаңа ұлттық бағдарлама басталды.
Бағдарлама аясында медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, жүктілік және балалық шақ кезеңдерінде көрсетілетін көмекті жетілдіру, сондай-ақ емізуді қолдаудың халықаралық стандарттарын енгізу көзделіп отыр.
Бағдарлама шеңберінде еліміздің әр аймағынан 400 медицина қызметкері – дәрігерлер, акушерлер мен мейіргерлер арнайы оқудан өтеді. Оқу Астана медицина университетінің неонатология кафедрасының базасында ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, еліміздегі 50 медициналық мекеме «Балаға мейірімді аурухана» халықаралық мәртебесіне сәйкестігі тұрғысынан тексеруден өтеді.