Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды arainfo.kz
Үшінші айналымда Данилина – Крунич дуэті америкалық Айша Мухаммад пен нидерландылық Деми Схурс секілді турнирдің 5-ракеткаларына қарсы өнер көрсетті. Қарсыластарынан қаймықпаған қазақстандық-сербиялық жұп матчты екі бірдей брейкпен сәтті бастап, 3:0 есебімен алға шықты. Алғашқы сет 6:4 есебімен аяқталса, екінші партияда Анна мен Александра мүлде мүмкіндік бермей, 6:0 нәтижесімен үстем түсті.
Барлығы 1 сағат 13 минутқа созылған кездесуде Данилина – Крунич 14 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланса, қарсыластар тек бір эйс пен бір брейкпен шектелді.
Ширек финалда Анна мен Александра турнирдің бірінші ракеткалары — чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендпен кортқа шығады. Бұл жұп үшінші айналымда 2 сағат 43 минутқа созылған тартысты матчта мажарстандық Тимя Бабош пен бразилиялық Луиза Стефаниді 6:7 (6:8), 6:3, 6:4 есебімен жеңіп шыққан болатын.
Осылайша, Франция ашық чемпионатында Қазақстаннан Анна Данилина мен Александр Бублик жарысты жалғастырып жатыр.