Қоғам

150-ге жуық жол-құрылыс материалдары сынамадан өткізілді

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» тас жолдардың сапасын бақылаумен қатар, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ведомствалық сараптама жүргізуді де іске асырады. Бұдан бөлек, мамандар жолдардың көліктік және пайдалану жағдайын анықтау шаралары жүргізеді.

Дәлірек айтқанда, диагностиканы жүзеге асыру шеңберінде жолдардың көліктік-пайдалану жағдайы туралы мәліметтер базасын қалыптастыру арқылы жаңарту сатысында пайдалануға жарамдылық қасиеттерін анықтау үшін жолға аспаптық сараптама жұмыстары жүргізіледі. Ал олардың сипаттамалары талаптарға сәйкес келетіндігін анықтау үшін жолдарды үнемі тексеру қажет.

Аталған кәсіпорынның облыстық филиалы сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Мырзалимовтың айтуынша, жолшылар осы жылдың мамыр айында 40 нысанға 53 рет іссапармен шығып, 147 жол-құрылыс материалдарынан сынама алған. Сондай-ақ, олар осы кезеңде 103 материалды сынақтан өткізіп, оның ішінде 42-сінен сәйкессіздік барын анықтаған. Ал 61-не оң нәтиже беріліпті. 

Есен ӨТЕУЛІ, 

Тараз қаласы