Әлеумет

Үйірмелер – жан-жақты дамудың негізі

Жазғы демалыс кезінде балалардың күнделікті тәртібі өзгеріп, бос уақыты көбейеді. Осындай кезде білім беру мен шығармашылықты дамытуға бағытталған қосымшалар мен үйірмелер олардың зеректігін арттырып, зейінін жоғалтпауға көмектеседі.

Жалпы қосымшалар түрлі бағытта жұмыс істейді. Мәселен, оқу мен жазуды үйрету, математикалық есептерді шешу, тіл үйрену, сурет салу, музыкамен айналысу, тіпті денешынықтыру мен йога сияқты физикалық белсенділікті де қамтиды.

Орталықтағы қосымшалар мен үйірмелер әр баланың жеке қызығушылығы мен қабілетіне сай таңдалады. Балалардың жас ерекшеліктері мен бейімділігін ескере отырып, ата-аналар оларға лайықты әрі пайдалы үйірмені таңдап береді. Әрбір бала өзіне ұнаған және бейімі бар қосымшаны таңдаған кезде үйірмеге деген қызығушылығы артып, қатысуға деген ынтасы күшейе түседі. Сонымен қатар, баланың күн тәртібі мен отбасындағы жоспарлар ескеріліп, қосымша сабақтардың уақыты икемделеді.

Жазғы демалыс балалар үшін жаңа нәрсені үйренуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және уақытты тиімді өткізуге таптырмас демалыс. Осы уақытты мазмұнды да пайдалы ету мақсатында ұйымдастырылған жазғы қосымшалар балалардың жан-жақты дамуына бағытталған маңызды құрал.

Сымбат ҚУАНЫШ