Жаңалықтар

Таразда сотталғандарға психологиялық тренинг ұйымдастырылды

Таразда өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер үшін «Тәуелділік жайлы жалпы ұғым және алдын алу» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Тренинг барысында мекеме психологы Айгерім Саурбаева және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магитстрі Раушан Байбосынова сотты болғандарға тақырып аясында бейнероликтер көрсетіп, қуыршақ-терапия әдісін жүргізді. Сондай-ақ, бұл күні арнайы контингент өкілдеріне өздерін мазалаған сұрақтарға толыққанды жауап алуларына мүмкіндік берілді.