Қордай ауданында 48 отбасы баспаналы болды
Жамбыл облысы Қордай ауданында 48 отбасыға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды arainfo.kz
Қордай ауданының «Шығыс» шағынауданында салтанатты түрде жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды. Шараға аудан әкімі Бегзат Болатбеков қатысып, қоныс той иелерін құттықтады.
Жаңа баспаналар – екі бөлмелі, ішінде жатын, қонақ бөлмелері, ас үй мен санитарлық торап қарастырылған. Шағынауданда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін тағы 96 отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда.
Салтанатты жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет те сөз алып, жаңа қоныс иелеріне құттықтау тілегін жеткізді.