Жаңалықтар

Президент: Қазақстан цифрлық болашаққа бет алды

Елордада өтіп жатқан AIF-2025 форумында Президент жас мамандардың қалыптасуына жағдай жасайтынын атап өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

 

Осы бағытта Қазақстан цифрлық технологиялардан бастап жасанды интеллект, жасыл энергетика мен қосымша құны жоғары өндіріс салаларына дейінгі негізгі секторлардың әлеуетін күшейтуді жалғастырады.

Президенттің айтуынша, еліміз цифрлық трансформацияда елеулі жетістіктерге жетіп, ендігі мақсат Еуразия кеңістігіндегі жетекші IT хабқа айналу.

Сонымен қатар, елде ең қуатты суперкомпьютерді іске қосу жұмыстары басталды.

Тағы бір маңызды бастама — CryptoCity деп аталатын пилоттық жоба. Бұл цифрлық қалашықта криптовалютаны азық-түлік сатып алу, қызмет ақысын төлеу және басқа да күнделікті қажеттіліктер үшін қолдануға мүмкіндік берілмек.