Jusan Bank атауын Alatau City Bank деп өзгертті
Jusan Bank-тің атауы Alatau City Bank деп өзгерді, деп хабарлайды arainfo.kz
15 мамырда акционерлердің жалпы жиналысының қорытындысы бойынша банктің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Атаудың өзгеруі мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін заңды күшіне енеді.
Сондай-ақ, төраға жаңа атаудың банк қызметіне ешқандай кері әсер етпейтінін атап өтті.