Жаңалықтар

6 маусым – Құрбан айттың бірінші күні

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға, жұма күніне сәйкес келеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Осыған байланысты маусым айында қазақстандықтар 5 күндік және 6 күндік жұмыс жағдайында да қосымша бір күн демалады:

– Бес күндік жұмыс аптасы – 6, 7 және 8 маусым демалыс;

– Алты күндік жұмыс аптасы – 6 және 8 маусым демалыс, ал 7 маусым жұмыс күні.

Сонымен қатар, маусым айындағы жалпы демалыс күндері: 1 маусым, 6, 7, 8 маусым, 14, 15 маусым, 21,22 маусым, 28,29 маусым. Осылайша, 2025 жылдың маусым айында ел азаматтары барлығы 10 күн демалады.