Жаңалықтар

Жамбыл облысында «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылды

Жамбыл облысында креативті индустрияны дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды — Тараз қаласында өңірдегі алғашқы ауқымды шығармашылық алаң «Қолөнершілер үйі» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды arainfo.kz

️ “Қолөнершілер үйінің” лентасын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, «Алматы қолөнер палатасы» Қоғамдық қорының вице-президенті Дәмелі Жанашева және Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты бойынша Вице-президенті, «Aspara Fashion Week» халықаралық сән апталығының президенті Айдархан Қалиев қиды.

Хабтың ашылуы — ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан креативті индустрияны қолдау саясатының нақты көрінісі.

 «Қолөнершілер үйі» 190-ға жуық шеберді біріктіріп, олардың кәсібін дамытуға, өнімдерін нарыққа шығаруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

 Аталған нысан – Жамбыл өңірінде креативті кәсіпкерлікті, ұлттық қолөнерді және жастар шығармашылығын қолдайтын жаңа орталық болмақ.

 Тараз – 2022 жылдан бері Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие.

 Қала ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар тізіміне ену жолында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.