Жаңалықтар

Қазақстанда көмір өндіруді ұлғайтты

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында өткен жылыту кезеңінің қорытындылары және алдағы маусымға дайындық туралы баяндады, деп хабарлайды arainfo.kz

Ол өткен жылыту маусымында халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың жоспарланған қажеттілігі шамамен 7,9 млн тонна көмірді құрағанын атап өтті.

Республикалық штабтың «Қазақстан темір жолы», жергілікті атқарушы органдар және көмір өндірушілермен бірлесіп жасалған жұмыстың нәтижесінде өткен жылыту маусымында көмір тұрақты жеткізілді. Барлық тұтынушы толық көлемде көмірмен қамтамасыз етілді, жоспар 101,1%-ға орындалды. Қоймалар мен теміржол тұйықтарында шамамен 350 мың тонна көмір қоры бар.

Министр сондай-ақ осы жылдың төрт айында 36,4 млн тонна көмір өндірілгенін, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға артық екенін хабарлады.