Жаңалықтар

Президент мемлекеттік наградалар тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды arainfo.kz

Іс-шарада сөйлеген сөзінде Президент халқымыз Равиль Шырдабаевты егемендік жылдарынан бастап елдік істерге белсене қатысқан әрі мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан азамат деп айрықша құрметтейтінін айтты.

Сонымен қатар Президент білікті дәрігер, «алтын қолды хирург» ретінде Серік Тоқпановтың саналы ғұмырын ұлт саулығы үшін еңбек етуге арнағанына тоқталды.

Равиль Шырдабаев пен Серік Тоқпанов жоғары мемлекеттік марапаттарға лайық көргені үшін Президентке алғыс айтты.