Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева еліміздің жаңа гроссмейстері атанды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде гроссмейстер атанды, деп хабарлайды arainfo.kz

21 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Sharjah Masters 2025 супертурнирінде үшінші гроссмейстерлік норманы орындап, алғаш рет FIDE рейтингінде 2500 ұпайдан асты. Бұл нәтижесі оған ерлер арасындағы ең жоғары шахматтық атаққа үміткер болуға мүмкіндік берді. Енді ФИДЕ кеңесінің ресми шешімі күтілуде. Егер мақұлданса, Бибісара Қазақстан тарихында екінші әйел гроссмейстер атанады.

Sharjah Masters 2025 турнирінде 64 гроссмейстер бақ сынап, Бибісара жалпы есепте үздік 30-дыққа енді және әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Ол әйелдер Гран-при жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты басып озды. Алғашқы әйел гроссмейстер – Жансая Әбдімәлік.