Биыл Жамбыл облысында 14 570 түлек мектеп бітірді
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов Тараз қаласындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында өткен бітіруші түлектерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды arainfo.kz
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының атын алған гимназия тарихында 2293 түлек түлеп ұшқан болса, биыл 102 шәкірт алтын ұя мектебімен қоштасты.
Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысының орынбасары Серік Жақсылықұлы жас түлектерге сәттілік тілеп, оқуда озат болған оқушыларды марапаттады.
Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында өңірде жалпы саны 714 мектеп бітіруші «Алтын белгі» төс белгісіне үміткер болса, 990 мектеп бітіруші «Үздік аттестат» иегері атануға ниетті.