Жаңалықтар

ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған оқушыға пәтер сыйға берілді

Түркістан облысында ауыл мектебінің оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады, деп хабарлайды arainfo.kz

Оқушыны дайындаған оқу орталығы бұған дейін 140 балл алған түлекке пәтер сыйлайтынын жариялаған еді.Көп ұзамай орталық уәдесінде тұрып, Әбілхан Жәнібектің ата-анасына пәтер сертификатын табыстады.. Пәтер болашақта Жәнібек оқуға түсетін қаладан беріледі.

Айта кетейік, биылғы ҰБТ 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады.