Жаңалықтар

Қазақстан футбол құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Қазақстандық маман Әли Әлиев бір ай бұрын келісімшартқа қол қойғаннан кейін ресми түрде ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz

Сонымен қатар футбол федерациясындағы өзге ауыс-түйіс туралы ақпарат берілген.

Атап айтқанда:

  • Геннадий Скуртул – ҚФФ техникалық директоры;
  • Руслан Балтиев – ұлттық құрамалар департаментінің директоры;
  • Денис Мамонов (U-21), Кирилл Кекер (U-19), Бауыржан Сағындық (U-17) – жастар құрамаларының бапкерлері;
  • Мадияр Кембілов – әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері.

Бұл өзгерістер Федерацияның техникалық секторын жаңғырту және футболды жүйелі дамыту стратегиясына сәйкес енгізілді. 2026 жылы жаңа техникалық даму стратегиясы таныстырылады.