Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең аяқталады
Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең аяқталады
Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең сағат 18.00-де аяқталады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.Президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылғандар:
Жигули Дайрабаев - "Ауыл" партиясы атынан; Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан; Мейрам Қажыкен - "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан; Қасым-Жомарт Тоқаев - Халықтық коалиция атынан; Қарақат Әбден - "Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы" бірлестігі атынан. ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері - 3 млн теңге.