"Қайрат" ФК Орталық стадионда Джей Лоға концертін өткізуге рұқсат бермеген
«Қайрат» футбол клубы 2025 жылдың 10 тамызында Орталық стадионда Дженнифер Лопестің концерті өтетіні жайлы ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды arainfo.kz
Клуб бұл күннің олармен келісілмегенін мәлімдеді.
Ресми мәліметке сәйкес, 9 немесе 10 тамыз күндері стадионда «Қайрат» – «Жеңіс» матчы және еурокубок ойындары жоспарланған. 7 мен 12 тамыз аралығында УЕФА талаптарына сай дайындық жүргізілуі тиіс болғандықтан, өзге іс-шараларға рұқсат берілмейді. Клуб концерт жайлы алдын ала келісім болмағанына таңданысын білдіріп, мәдени бастамаларға құрметпен қарайтынын және диалогқа дайын екенін жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің 10 тамызда Алматыда жеке концерт өткізетіні туралы хабар тараған болатын.