Экспедиция ерекше әсер сыйлауда
«Әулиеата жауһарлары» тарихи-танымдық экспедициясы аясында облыс жастары Т.Рысқұлов, Меркі аудандарындағы тарихи орындарды аралады. Игі бастама өңірімізде үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Экспедицияның ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құттықтау сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралардың тарихи-мәдени мұраны дәріптеуде маңызы зор екенін атап өтті.
Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев жастарға бата беріп, сәттілік тіледі.
Бұдан кейін экспедицияға қатысушылар Бауыржан Момышұлы мұражайына барып, тарихи жәдігерлермен танысты.
Үш күнге жалғасатын танымдық іс-шараға еріктілер, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жастар қанатының» мүшелері, тарих пәнінің мұғалімдері мен түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар қатысуда.
Айта кетейік, экспедиция аясында қатысушылар облысымыздың аумағында орналасқан тарихи нысандарды аралайтын болады.
Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ