Ауыл мектебінің оқушысы 36 шетелдік университеттен шақырту алды
Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауыл округіне қарасты Қанағат ауылындағы №7 Төле би атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің 36 беделді университетінен шақырту алды, деп хабарлайды arainfo.kz
Ол таңдаған мамандық – халықаралық қатынастар.
16 жастағы оқушы АҚШ, Канада, Түркия, Малайзия, БАӘ елдеріндегі жоғары оқу орындарына құжат тапсырып, бәрінен оң жауап алған. Соның ішінде АҚШ-тың – 17, Түркияның – 6, Малайзияның – 5, БАӘ-нің – 5 университетінен грант, ал Канададан президенттік стипендиямен шақырту алған.
ҰБТ-дан 111 ұпай жинаған Ақжүніс – мектеп тарихында шетелден жаппай шақырту алған алғашқы оқушы. Оның жетістігі ауыл мектебіндегі өзге оқушыларға үлкен үлгі болды.
Жас түлек енді шетелде білім алып, еліне қызмет етуді мақсат етіп отыр.