Биыл қандай мамандықтарға грант көп бөлінетіні белгілі болды
2025 жылы ең көп грант техникалық мамандықтарға бөлінеді, деп хабарлайды arainfo.kz
2025 жылы жоғары оқу орындарына бөлінетін білім гранттарының басым бөлігі техникалық мамандықтарға бағытталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеді.
Оның айтуынша, елде атом электр станциясын салу жоспарына байланысты ядролық физика саласына мамандар даярлау өзекті бола түсті. Осыған байланысты техникалық университеттердің мүмкіндіктері мен оқу бағдарламалары ескеріліп, нақты мамандықтарға қажеттілік негізінде грант саны белгіленбек.
Жаңа оқу орны ашылмайды, себебі Қазақстанда техникалық білім беретін 122 ЖОО бар. Ядролық физика бойынша білім беретін ірі университеттер де жеткілікті.