Бұрынғы вице-министр 3 жылға сотталды
Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Ерлан Қожағапанов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.Қожағапанов 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан–Ресей форумын ұйымдастыру кезінде жеке компанияның мүддесін қорғап, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берген. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 1 млрд теңгеден асқан.
Сот үкіміне сәйкес, ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. Сотталушы қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді. Үкімге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қамауда ұстау уақытының бір күні бір жарым күнге теңестіріледі.
Ерлан Қожағапанов 2017–2019 жылдары ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, 2019–2021 жылдары Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылы қайтадан Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалған.