ҚАЖ мекемесінде сарбаздар мен тұрғынның ерлігіне құрмет көрсетілді
2025 жылғы 7 мамырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған затты жеткізуге талпынған құқық бұзушылық дер кезінде анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл әрекеттің алдын алуға ҚАЖ қызметкерлері, 5513 әскери бөлімінің сарбаздары және өтіп бара жатқан бейбіт тұрғын жұмыла атсалысты.
Қырағылық пен жедел әрекеттің нәтижесінде құқық бұзушы азамат ұсталды. Оқиғаға байланысты өткен марапаттау жиынында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Қайырбек Есентайұлы өз өмірлеріне қауіп төнсе де міндетін абыроймен атқарған сарбаздарға және азаматтық ұстанымын көрсеткен тұрғынға ҚАЖ департаменті бастығының атынан алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етті.
ҚАЖ департаменті түзеу мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра бермек.