Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Мажарстанға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндері Мажарстанға барады, деп хабарлайды arainfo.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу мақсатында Мажарстанға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорда ресми хабарлама таратты.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесіп, оны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырған болатын.