Жаңалықтар

18 мамыр – Халықаралық музей күні

Бүгін – тарих, мәдениет және өнер үндесетін ерекше күн, деп хабарлайды arainfo.kz

Музей – ұлттың рухани қазынасын сақтайтын орын.

Бұл күнді әртүрлі мәдениет пен халықтар мұрасын қастерлеп, оны көпшілікке қолжетімді ететін музей мамандары жыл сайын тойлайды.

Халықаралық музейлер күні 1978 жылы Халықаралық музейлер Кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен жарияланды. Жыл сайын 150-ден астам елде атап өтіледі.

Айта кетейік, Қазақстанда 250-ден астам музей жұмыс істейді.