Қуыршақ терапиясы арқылы сотталғандарға психологиялық көмек көрсетілді
4 жылғы 15 мамырда ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №59 мекемесінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, сотталғандардың психологиялық көмек алу құқығын іске асыру мақсатында іс-шара ұйымдастырылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Іс-шараны ҚАЖ комитеті мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психологиялық қызметін жетілдіру аясында мекеме психологтары және гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы Маханова Айгүл Нұрланқызы өткізді.
Іс-шара барысында «Қуыршақ терапиясы» әдісі қолданылып, «Суицид — тығырықтан шығар жол емес» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Бұл терапия сотталғандардың эмоционалды күйін тұрақтандыруға, психологиялық қиындықтарын жеңілдетуге, ішкі сезімдерін білдіруге, қорқыныштарын жеңуге және жиналып қалған ішкі кернеуді босатуға мүмкіндік берді.
Қуыршақ терапиясы — терең психологиялық әдіс ретінде, әсіресе тұйықталған немесе эмоциясын ашық білдіре алмайтын тұлғалармен жұмыс істеуде тиімді тәсіл ретінде бағаланып отыр.