Заң мен тәртіп – әділеттіліктің басты шарты
Сәрсенбі күні Меркі ауданында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов және құқық қорғау саласының өкілдері «Заң және тәртіп» қағидаты аясында тұрғындармен кездесті. Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Еркін Қуанышев, облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Жанаев, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары және орынбасарлары, колледж студенттері, белсенді жастар, түрлі сала мамандары мен аудан тұрғындары қатысты.
Жиынды ашқан Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды тілге тиек етті. Ал Серік Жақсылықұлы өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баяндама жасап, Меркі ауданындағы ахуалға тоқталды.
Жиын барысында облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Жанаев жастар арасындағы құқықбұзушылық бойынша баяндама жасады.
Жиынды қорытындылаған Серік Сәлемов алдағы уақытта облыстың барлық аудандарында осындай іс-шаралар жалғасатынын жеткізді.
Бақытжан БЕКБОЛАТ,
журналист,
Меркі ауданы