Жаңалықтар

Қазақстандық су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды

Қытай Халық Республикасына екі апталық курстарға Қазақстаннан 30 маман аттанды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оралған болатын. Биыл Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан қазақстандық су саласының 120 маманы өтеді. Оқыту курстары

Қытай тарапының қаражаты есебінен ұйымдастырылғандықтан, іс-шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен қаражат бөлінген жоқ.

Биылғы наурыз айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын еске сала кетейік.

Құжат су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ тәжірибе алмасуды және мамандарды бірлесіп даярлауды көздейді.