Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар қатынауда
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай Бразилиядағы "Dimash on the Road" фан-клубы өз акциясын жалғастырды,деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай Бразилиядағы "Dimash on the Road" фан-клубы өз акциясын жалғастырды. Жоба аясында екінші жыл қатарынан Форталеза қаласының көшелерімен әншінің суретімен толық безендірілген арнайы автобус жүріп өтуде.
Форталеза – 2,7 миллион халқы бар, көркем жағажайлары және мәдени өмірімен танымал, 300 жылдық тарихы бар ірі қала.
Арнайы безендірілген автобустың сыртында Димаштың бейнесі мен "Әлемдегі ең ерекше дауыс!" деген ұран жазылған. Сонымен қатар, автобустың артқы жағында QR-код арқылы 2021 жылғы Digital Show-да орындалған "Sos d’un terrien en détresse" әніне өтуге болады.
Автобус бүйірінде Димаштың 2024 жылға жоспарланған концерттері өтетін қалалардың атауы көрсетілген. Олардың қатарында Барселона, Берлин және Лондон бар.
Бұл бастама – әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерінің қазақстандық өнерпазға деген шексіз құрметінің айқын дәлелі.