Жаңалықтар

Қазақстанда ҰБТ өткізу мерзімі өзгерді

Қазақстанда соңғы қоңырау күнінің өзгеруіне байланысты ҰБТ күндері де ауыстырылды,деп хабарлайды arainfo.kz

Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу мерзімінің өзгертілгенін хабарлады. Бұл өзгеріс мектеп бітірушілерге арналған «Соңғы қоңырау» күні ауыстырылуына байланысты енгізіліп отыр.

ҰТО мәліметінше:

23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады;

24 мамырға өтініш бергендер үшін тестілеу 1 маусымға ауыстырылды.

Жаңа тестілеу күні туралы ақпарат талапкерлердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттерінде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар, тіркелген талапкерлерге SMS-хабарлама жіберіледі.

Айта кетейік, биыл оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге – 26 мамырға сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.