Тағайындау
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды.
Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев қаржылық бақылау органдарында жұмысын 1993 жылдан бастаған. Алматы қаласының салық органдарында түрлі лауазымдарды атқарды.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.
2009 жылдың маусымынан 2013 жылдың наурызына дейін Қаржы министрлігі Салық комитеті Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінің бастығы болды.
Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті ректорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2020 жылдың наурызынан 2023 жылдың шілдесіне дейін Алматы облысы әкімінің аппаратын басқарды.
2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың мамырына дейін Қаржы министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.