Кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты назарда
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдің жергілікті атқарушы органдарындағы кадр тұрақтылығының жай-күйі қаралды,деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шарипов кадр тұрақтылығына жүргізілген талдау қорытындыларын баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев бос лауазымдар орнын толықтыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
2025 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарында 121 тұрақты және 24 уақытша бос лауазым бар.
Қазіргі таңда өңірде 2314 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Жыл басынан бері олардың 453-і біліктілігін арттырды, 117-сі қайта даярлау курстарына қатысып, 90 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті.
2 мамырға дейін барлығы 92 бос лауазымға 60 ішкі және жалпы конкурс тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өтті.
Облыстың жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан теріс себептермен босатылу фактілері тіркелген жоқ.
Бүгінге дейін Өңірлік кадр резервінің 7 мүшесі қызметке тағайындалды.
Басқосуда Тараз қаласы мен аудан әкімдері кадр тұрақтылығының жай-күйі бойынша есеп берді.
Сонымен бірге Өңірлік кадр резерві мүшелерін лауазымдарға тағайындау, аудандық және ауылдық деңгейдегі бос лауазымдарға жоғары оқу орындарының түлектерін конкурссыз орналастыру және өзге де мәселелер бойынша жұмысты жандандыруды талап етті.
Сондай-ақ аппараттық кеңесте облыс әкімінің Меркі ауданы тұрғындарымен кездесуда және жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалу барысы сараланды.