Жаңалықтар

LuLu компаниясы қазақстандық өнімге қызығушылық танытты

Қазақстан LuLu-ге елімізде логистикалық және экспорттық орталық ашуды ұсынды, деп хабарлайды arainfo.kz

БАӘ-нің тақ мұрагерінің ресми сапары аясында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Парсы шығанағы елдеріндегі жетекші ритейлер — LuLu компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Юсуф Әли Мусалиам Виттил Абдул Кадермен кездесті.

LuLu 280-нен астам гипермаркет желісін басқарады және қазақстандық өндірушілермен бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі. Тараптар ет, сүт, жұмыртқа, астық өнімдерін экспорттау, жеміс өңдеу және ет өнімдерін өндіру мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан LuLu-ге елімізде логистикалық және экспорттық орталық ашуды ұсынды. Бұл қадам компанияға өнімді тиімді жинап, Парсы шығанағы елдеріне жөнелтуге жол ашады.