Жаңалықтар

Қазақстан бойынша 1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр,деп хабарлайды arainfo.kz

Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты.

Акция Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.