Жыл соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан тексерістен өтеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр,деп хабарлайды arainfo.kz
Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі.
Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Былтыр министрлік еліміздің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан көп.