Әлеумет

Ардагер тұратын үй қалпына келтірілді

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жамбыл аудандық пайдалану бөлімінің әскери қызметшілері ерекше бастама көтеріп, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Фёдорович Макеев тұратын үйдің кіреберісінің сыртын жөндеп, ретке келтірді.

Майдангер тұратын бесқабатты үйдің сыртқы келбеті көңіл көншітпейтін жағдайда болған. Жыл сайын ардагерді құттықтап келетін әскери қызметкерлер үйдің сылағы түскенін, баспалдағы қирағанын, кіреберіс маңдайшасының төбесі ағып тұрғанын байқайтын. Алайда Тараз қаласындағы тұрғын үйлер әскери бөлімнің тікелей қарауына кірмейтіндіктен, бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келген. Биыл әскери қызметшілер бұдан әрі күте алмай, істі өз қолдарына алды.

Жөндеу жұмыстары басталар алдында бөлім бастығының орынбасары, лейтенант Бекежан Жақыпов пен құрылыс-жөндеу тобының прорабы Байзақ Әзілбек алда атқарылатын істің ауқымын айқындап, қажет материалдардың – сылақ, бояу, төбе жабынына арналған рулондардың мөлшерін есептеп шықты.

Жамбыл аудандық құрылыс-жөндеу тобының күшімен ардагер бірнеше мәрте сүрініп жығылған баспалдақтар қайта қалпына келтірілді, қабырғалар толық сыланып, кіреберістің ағып тұрған шатыры жөнделді. Бұрынғы су кетулер қабырғаларға ылғал өткізіп, кіреберістің көркін бұзып келген еді.

Жөндеудің соңғы кезеңінде Тараз гарнизонына қарасты байланыс полкінің әскери қызметшілері де атсалысып, құрылысшыларға қоқыс шығаруға көмектесіп, жиек тастарды ақтап шықты. Нәтижесінде, санаулы күн ішінде кіреберіс айтарлықтай өзгеріп, қабырғалары әппақ, баспалдағы мықты, шатыры жаңарған жайлы ортаға айналды.

98 жасқа келсе де белсенді өмір сүріп жүрген ардагер Иван Макеев жасалған жөндеуге ерекше риза болып, әскери құрылысшыларға алғысын білдірді:

Ажар МҰҚАН,
Бауыржан Момышұлы атындағы
мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы,
   Жуалы ауданы