Мәдениет

Көңіл нұрға толғанда...

Жеңіс күні жеткенде,

Бақыт лебі өпкенде.
«Құтты болсын!» айтылып,
Қуанбайтын жоқ пенде.

Жеңіс күні болғанда,
Көңіл нұрға толғанда.
Әсем гүлдер өседі,
Бомба түскен жолдарға.

От шашуы Жеңістің,
Әрлей түсер жер үстін.
Жеңіс деген шабыты,
Шарапатты көп істің.

Бұл күн – тарих сыйлы әні,
Елдің жарқын дидары.
Өйткені, бұл Жеңіске
Жеткізгендер мейрамы!

Қамсыз жүрген асыр сап,
Өмірлері жасыл бақ.
Жеңіс күннің бағасын,
Білсе екен жас ұрпақ.

Жеңіс  күні келгенде,
Бірлік бізге ергенде.
Жаратқанға мың тағзым,
Мұндай бақты бергенге!

Бақытжан ӘЛІҚҰЛОВ,

ақын