Руханият

Ардагерлер мәңгілік жадымызда

Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» тақырыбында кеш өтті.

Айтулы іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары, құқық қорғау саласының қызметкерлері және кітапхана ұжымы қатысты. Кештің алғашқы бөлігі Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Отан үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым ретінде бір минуттық үнсіздік жарияланды. Мерекелік жиында сөз алған қонақтар халқымыздың сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлвқ ерлігі мен қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, ізгі тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді.

Іс-шара барысында мектеп оқушыларынан құралған бишілер тобы би билеп, патриоттық әндер шырқалып, күмбірлеген күй де ойналды.

Кеш соңында кітап көрмесі ұйымдастырылып, келген қонақтар естелік суретке түсіп, тарқасты.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ