Жаңалықтар

Жамбыл облысына 120,5 млрд теңге инвестиция тартылды – І тоқсанның қорытындысы

Мемлекет басшысының жаңа инвестициялық циклды іске қосу тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында өңір экономикасының негізгі салаларын қамтитын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

2025 жылдың бірінші тоқсанында 120,5 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1 пайызға артық.

Өңірдің инвестициялық қоржынында жалпы құны 3,6 трлн теңге болатын 82 жоба бар. Бұл жобаларды іске асыру 10 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Биыл 175,2 млрд теңгеге 1500 жұмыс орнын құра отырып, 30 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 

Қазіргі уақытта «ЕуроХим – Тыңайтқыш» ЖШС (минералды тыңайтқыштар), «Qazaq Soda» ЖШС (кальцийлендірілген сода өндірісі), «Altynalmas Reagents» ЖШС (натрий цианиді өндірісі), «Шокпар – Гагаринское» ЖШС (алтын өндіріс), «Шагала Майнинг» ЖШС (мыс өндірісі) ірі жобаларды жүзеге асыруда. 

Өңірдің«Total Eren» (Франция) және Masdar (БАӘ) компаниялары жел электр станцияларын салу жөніндегі ынтымақтастығы жасыл энергетика саласындаға халықаралық әріптестікті күшейтті.
                               Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде «Yonggang Central Asia Iron And Steel» ЖШС металлургиялық зауыттың, «Fufeng Group» ЖШС жүгеріні терең өңдейтін кәсіпорынның құрылысын бастады. 

«Zhambyl Invest» дирекциясы инвестициялық жобаларды тарту мен іске асыруда шешуші рөл атқарады. «Бір терезе» қағидатын ұстана отырып, дирекция инвесторларға жобаның барлық кезендерінде идеядан іске асыруға дейін қолдау көрсетеді. 

Бизнеске қолайлы жағдай жасау арқылы Жамбыл облысы шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды аймақ ретіндегі ұстанымын нығайтып келеді.


Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі