Жаңалықтар

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК сайтының мәліметінше, 2025 жылғы 8 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады,деп хабарлайды arainfo.kz

Оңтүстік циклонның әсерінен найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыс өңірде қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Сондай-ақ түнде және таңертең еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады.

Нақты қалалардағы ауа райы:

Астана: күн ала бұлтты, күндіз +28…+30°C, жел 3-8 м/с.

Алматы: күн ала бұлтты, күндіз +31…+33°C, жел 3-8 м/с.

Шымкент: күн ала бұлтты, күндіз +33…+35°C, жел 15-20 м/с-ге дейін күшеюі мүмкін.