Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада То Ламды қарсы алды

Ақордада Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Ламды салтанатты қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.