Жаңалықтар

Хоккейден жастар арасында Қазақстан чемпионы атанған «Астана» клубы марапатталды

Бүгін, 4 мамыр күні елорданың «Барыс» спорт кешенінде Jastar hokei lygasy жаңа чемпионы - «Астана» командасын марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды arainfo.kz Elordainfo.kz-ке сілтеме жасап

Еліміздегі 13 хоккей клубының қатысуымен өткен Jastar hokei lygasy ресми түрде мәресіне жетіп, «Астана» клубы өз тарихында алғаш рет топ жарды. Чемпионатта 7-орын алған елордалықтар плей-оффта бірден мықтыларға тап болды. Олар ширек финалда абсолютті чемпион саналған «Барысты», жартылай финалда былтырғы қола жүлдегер «Торпедо» және финалда тәжірибелі ойыншылардан жасақталған «Ақтөбені» жеңіп кетті. 2020 жылдан бері 1/4 финалдан аса алмаған елордалықтардың бұл көрсеткішін көпшілік күтпегені анық.

Маусымды өте сәтті аяқтауына не себеп болғанын да бас бапкер айта кетті.

Салтанатты шараға хоккей ардагерлері келіп, чемпиондардың құрметіне мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан қойылым көрсетілді.