Жаңалықтар

Қазақ циркінің әртістері Гиннестің рекордтар кітабына енді

Алматы циркінің әйгілі «СЕРБАТ» акробатикалық тобының мүшелері — Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Италияның Милан қаласында өткен «Lo Show Dei Record» халықаралық шоуында жаңа рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді,деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақ өнерпаздары баспалдақпен төмен қарай төңкерілген адамды көтеріп, күрделі трюкті небәрі 36,66 секундта орындаған. Бұл көрсеткіш халықаралық қазылар алқасын таңғалдырды.

Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов бұл жеңіс ұлттық цирк өнерінің биігін көрсетіп, халықаралық беделін арттыра түскенін атап өтті.

«СЕРБАТ» тобы бұған дейін де «America’s Got Talent», «Britain’s Got Talent» секілді әлемдік шоуларда танылған.