Жаңалықтар

Ақмола облысында ірі мал шаруашылығы жобалары іске асырылуда

Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі жобалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр,деп хабарлайды arainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап

Солардың бірі — Торғай ауылдық округінде мал шаруашылығы кластерін құру.

Ерейментау қаласында 10 мың бас ірі қараға арналған сиыр етін өндіретін агроөнеркәсіп кешені салынады. Жоба аясында жылына 90 мың тонна жем және 7,6 мың тоннадан астам сиыр етін өндіру жоспарланған.

Жобаның инвесторы — «Big Farm» ЖШС. Компания бұл тік интеграцияланған кешенге 77 млрд теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл Қазақстанның экспорттық әлеуетін айтарлықтай арттырып, 380 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызметкерлер үшін тұрғын үйлер салу да қарастырылған.

Ақмола облысындағы мал шаруашылығы кластері — аграрлық секторды дамыту мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бағдарламаның маңызды бөлігі. Бұл бастама ет пен ет өнімдерінің экспорт көлемін арттыруға сеп болмақ.